Өзбекстанда 170 мыңнан астам бала коронавирус вакцинасын алды

211
Өзбекстанда балаларды ерікті түрде вакциналаудың алғашқы айында 12-18 жасқа дейінгі 170 мыңнан астам жасөспірім коронавирусқа қарсы екпе алды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күнде 12-18 жасқа дейінгі 176 791 жасөспірім коронавирусқа қарсы вакцина алды. Балаларға ата-аналары мен қамқоршыларының келісімімен елдің кез келген егу пунктінде екпе салуға болады. Вакцинация үшін Pfizer/Biotech неміс вакцинасы қолданылады.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда балаларды ерікті негізде вакциналау процесі 28 қыркүйекте басталған болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.