"Коронавирус ешқайда кетпейді": Жандарбек Бекшин қазан айына болжам жасады
394
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері және СЭБҚ басшысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте коронавирусқа қатысты қазан айына арналған болжамын ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бекшинің айтуынша, қазан айының ортасына таман ауру жұқтыру деңгейі төмендеуі мүмкін.
"Қазан айының соңында (коронавирус жұқтырған науқастардың саны - ред.) күніне 50-200 адамнан аспауы керек. Шаһар ірі әрі халық тығыздығы да жоғары. Коронавирус ешқайда кетпейді, аз мөлшерде болсын дертті жұқтыру жағдайы тіркеле береді. Бұл медициналық ұйымдарымызға штаттық режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді", - дейді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.
Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 4106 адамнан коронавирус анықталды. Сондай-ақ, Қазақстанның бірнеше өңірінде карантин талаптары күшейтілді.
Атап айтқанда, Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы "Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы" №19 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Жаңа қаулыға сәйкес, аймақта халыққа қызмет көрсету орталықтары 5 күндік жұмыс кестесіне ауысты. ПТР сынамасы теріс немесе бейтарап мәртебесі бар тұрғындар мемлекеттік қызметтерді кезексіз алады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін адам қабылдайды. Ал сенбі, жексенбі күндері орталықтар жабық болады.