Әлия Назарбаева коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

321

Фото: Денсаулық сақтау министріӘлия Назарбаева COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина салдырды. Ол қытай вакцинасын таңдаған. Бұл туралы Елбасының қызы өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Вакцинация жайлы әртүрлі пікір айтылуда. Дегенмен ол жайлы әркім өзі шешім қабылдау керек. Демалыста болдық, қытайлық вакцинаны салдырдым. Өзімді жақсы сезінемін. Алайда денсаулықтың басты кепілі-салауатты өмір салты мен жақсы көңіл-күй екенін ұмытпау керек", - дейді ол. 

Ресей перзидентінің сөзінше, алғашқы бес сағатта қандай да бір ерекше белгілер болмапты. Айтуынша, екпе егілген жерді басса әлі де жайсыздық тудырады. 

"Екпе салған соң таңертең оянғанымда мен өзімді аздап нашар сезінгендей болдым. Қызуөлшегішті алып, қызуымды өлшедім. Қалыпты екен", - дейді Путин. 

Дегенмен ол нақты қандай вакцина салдырғанын айтпаған. 

Еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қытай Қазақстанға коронавирусқа қарсы 3 миллион доза вакцина жеткізетінін хабарлаған болатын.

Цойдың сөзінше, Қазақстан Қытайдың Sinovac Biotech компаниясы дайындаған вакцинаны алады. Ал ресейлік "Спутник V" вакцинасын елге жеткізу жалғасады. Сонымен қатар "Спутник Лайт" вакцинасы да келеді деп күтілуде. 

Министрдің айтуынша, Ресей үкіметімен 1 миллион доза препарат жеткізуге туралы келісім бар. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.