Күніне екі әйел жатыр мойны обырынан көз жұмады
Қазақстанда жыл сайын 600-ден астам әйел жатыр мойны обырынан қайтыс болады, яғни орта есеппен тәулігіне – екі әйел. Бұл туралы Астана қаласының Коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде акушер-гинеколог, профессор Жанерке Ажетова мәлімдеген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
2025 жылғы дерек бойынша, елордада репродуктивті жастағы мыңнан астам әйел жатыр мойны обыры диагнозымен есепте тұр, ал жыл сайын 120-дан астам жаңа жағдай тіркеледі. Жатыр мойны обыры әйелдер арасындағы қатерлі ісіктердің ішінде сүт безі обырынан кейінгі екінші орында тұр.
Маманның айтуынша, АПВ тек жыныстық жолмен ғана емес, тұрмыстық-қатынастық және анадан балаға да жұғуы мүмкін. Вирустың ұзақ уақыт белгісіз өтуі әйелдердің өз денсаулығына немқұрайды қарауына себеп болып, қатерлі ісікке шалдығу ықтималдығын арттырады.







