Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаға жатқызу процесін жеңілдетті

2 579

dzen.ruДСМ жоспарлы ауруханаға жатқызуға дайындық рәсімдерін жеңілдетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Денсаулық сақтау министрлігі емханалар мен стационарлардағы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында халықаралық стандарттарға сай диагностикалық рәсімдерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді, деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.


"Жаңа стандартқа сәйкес, жалпы тізімде стационарлық жағдайда соматикалық бейіндегі науқастарды емдеуге қажет негізгі 13 зерттеу анықталды. Сонымен бірге, бірқатар зертханалық аспаптық зерттеу нәтижелерінің жарамдылық мерзімі 10 күннен 14 күнге дейін, 1 айдан 6 айға дейін ұзартылып, бұл ауруханаға жатқызуға дайындық үдерісін айтарлықтай қысқартуға септік етті", – деп қосты министрлік.


Диагностикалық рәсімдерді стандарттау мен оңтайландыру қажетсіз шығындарды азайтып, халықтың қалтасынан шығатын ақшаны төмендетуге бағытталған. Бұл өзгерістер медицина ресурстарын тиімді пайдаланып, науқастарға түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.