Денсаулық сақтау министрлігі ауруханаға жатқызу процесін жеңілдетті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
ДСМ жоспарлы ауруханаға жатқызуға дайындық рәсімдерін жеңілдетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігі емханалар мен стационарлардағы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында халықаралық стандарттарға сай диагностикалық рәсімдерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді, деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Диагностикалық рәсімдерді стандарттау мен оңтайландыру қажетсіз шығындарды азайтып, халықтың қалтасынан шығатын ақшаны төмендетуге бағытталған. Бұл өзгерістер медицина ресурстарын тиімді пайдаланып, науқастарға түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді.
Қаз
Рус






