Қазақстандықтар жеке емханаларда емделу үшін МӘМС аударымдарын пайдалануы мүмкін

1 245

Қазақстандықтарға жеке медициналық ұйымдарда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы емделу мүмкіндігі ұсынылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тиісті бастама Ашық НҚА порталында жарияланған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатында көтерілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бүгінгі таңда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтер аз қаржыландырылады. Бұл осы қызметтердің сапасынан байқалады. Осылайша, халық неғұрлым жедел және сапалы бал алу мақсатында жеке медициналық ұйымдарға жүгінеді. Алайда, олардың құны мемлекеттік емханалармен салыстырғанда 2-3 есе қымбат. Осыған қарамастан, халық жеке емханаларға белсенді түрде жүгінеді, бұл ретте азамат ай сайын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) аударылатын қаражатын пайдалана алмайды. Осыған байланысты, халыққа өзінің әлеуметтік аударымдарын пайдалануға мүмкіндік беру мақсатында жеке емханалардағы медициналық қызметтерге бірлесіп төлеу тетігін енгізу қажет. Осылайша, халыққа медициналық қызметтер үшін айырмашылықты қосымша төлеуге мүмкіндік беріледі», - делінген құжатта.


Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, мұндай жүйені енгізу азаматтардың сапалы қызмет алуына және жеке медициналық емханалардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етпек.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.