Қызылордада дәрігерлер 72 жастағы әйелден 5 килограмм киста алды

2 479

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қызылорда облыстық ауруханасыКөпбейінді Қызылорда облыстық ауруханасында кезекті күрделі ота сәтті аяқталды. Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер 72 жастағы әйелдің оң жақ аналық безінен салмағы 5 килограмм болатын ісікті алды.

- Жалпы әйелдерде түрлі жағдайларға байланысты әртүрлі киста кездеседі. Аналық без кистасы — аналық без құрылымында пайда болып, оның көлемін бірнеше есе арттыратын сұйықтық немесе жартылай сұйық құрамы бар көпіршік тәрізді масса. Біз пациентке лапоротомиялық әдіспен ота жасадық. Ол кісі ауру жанына батса да осыған дейін шыдап жүре берген. Мұндай жағдай әртүрлі жаста кездесе береді. Тіпті жақында 18 жастағы қыздан да алынды, - деді гинеколог дәрігер Айдос Қамзиев.

Отаны хирург дәрігер, PhD, аурухана басшысының хирургия жөніндегі орынбасары Ербол Серікұлы бастаған мамандар жасады. Пациент отадан кейін палатаға шығарылды. Дәрігерлер оның денсаулығын тұрақты деп бағалап отыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.