Денсаулық министрлігі коронавирус бойынша мәлімет берді

564
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 60 науқас тіркелді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, коронавирус инфекциясы 60 адамнан анықталды, 2 науқас қайтыс болды. Сондай-ақ коронавирус пневмониясы 4 адамда тіркелді.

Осы уақытта індеттен ел өңірлерінде 1 129 адам емделіп жатыр, оның ішінде коронавирустан – 997 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан 132 (КВИ-) науқас. 119 пациент стационарда жатса, 1 010-ы амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 4 адамның жағдайы ауыр,
- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.