Бұдан былай қазақстандықтар дәрігер кеңесін онлайн режимде алмақ
Елімізде "Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету" қағидаларына өзгеріс енгізілмек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта көрсетілгендей, енді қазақстандықтарға мына мамандардың кеңесін онлайн режимде алуға мүмкіндік ұсынылады:
- Реабилитолог;
- Логопед;
- Психолог;
- Терапевт;
- Педиатр;
- Хирург;
- Акушер-гинеколог;
- Оториноларинголог;
- Кардиолог;
- Пульмонолог;
- Ревматолог;
- Невропатолог;
- Инфекционист;
- Аллерголог;
- Эндокринолог;
- Гастроэнтеролог;
- Офтальмолог;
- Гематолог;
- Нефролог;
- Уролог;
- Андролог;
- Геронтолог;
- Дерматовенеролог;
- Иммунолог;
- Травматолог-ортопед.
«Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» Іс-шаралар жоспарының 101-тармағының телемедицина арқылы орналасқан жері бойынша медициналық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту бойынша әзірленді», - деп түсіндірме берілген министр бұйрығына.
Құжат 25 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.