Инфекционист COVID-19-ды кімдер қайта жұқтыруы мүмкін екенін айтып берді

264

Фото: pixabay.comРесей халық достастығы университенінің инфекциялық аурулар кафедрасының доценті Сергей Вознесенский қандай жағдайда коронавирусты екінші рет жұқтыру мүмкін екендігін айтып берді.


Вознесенскийдің айтуынша, коронавирусты қайта жұқтыру жағдайлары сирек кездеседі. Маманның сөзіне сенсек, әдетте иммунитет тапшылығы немесе созылмалы аурулары бар адамдар вирусты қайта жұқтырып жатады.


 "Коронавирус жұқтырудың бірнеше рет қайталанатын жағдайлары болуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Бұл иммундық жетіспеушіліктің қандай-да бір жағдайлары бар адамдарда немесе вакцинацияның дұрыс жүргізілмеген схемасында немесе өзге созылмалы аурулары бар адамдарда кездесіп жатады" , - дейді маман. 


Еске салсақ, бұған дейін "коронавирустан ектірген екпең чипке айналады" деп көпті адастырған ер адамның басы дауға қалғанын жазған едік. Эпидемиологтар "вакцина салған жерге магнит жабысады" деп елді дүрліктірген адамды жауапқа тартуды сұрап отыр. 
Одан бөлек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы алдағы уақытта коронвирустан да қауіпті вирус пайда болатынын хабаралаған еді. 


"Ерте ме, кеш пе адамзат жаңа пандемиямен бетпе-бет келеді, ол қазіргіден қауіптірек болады. Бұл вирусқа қарағанда едәуір жұқпалы және өлім-жітімді көбейтетін тағы бір вирус пайда болады" , - дейді Тедрос Адханом Гебрейесус.


 Оның сөзінше, вирустармен күрес мемлекеттердің бәсекеге түспей, керісінше бір-бірімен ынтымақтастықта болуы керектігін көрсетіп отыр.