COVID-19 жаңа штамы табылды

523
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 штамының жаңа түрінің пайда болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, ДДСҰ жетекші эпидемиологы «дельтакрон» штамы Францияда, Нидерландыда, Данияда анықталғанын, бірақ жұғу деңгейі «өте төмен» екенін растады.

«Дельтакрон» «дельта» AY.4 және «омикрон» BA.1/BA.2 штамы түрлерінің бірігуінен пайда болды,- дейді Мария ван Керкхове.
Ол ДДСҰ сарапшылары бұл нұсқаны 7 наурызда өткен кездесуде талқылағанын айтты.

Қаңтар айының басында Кипр университетінің биологиялық ғылымдар факультетінің ғалымдар тобы COVID-19 жаңа штамы – «дельта» және «омикрон» гибридінің табылғаны туралы хабарлады. Ол кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы секвенирлеу кезінде үлгінің ластануы мүмкін екенін айтып, «дельткрон» атауын пайдаланбауды ұсынған-ды.