МӘМС аясында медициналық көмек пакеті жетілдіріліп жатыр - министрлік

2 524

gov.kzДенсаулық сақтау министрлігі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіруге қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Мемлекет басшысының медициналық көмек пен қаржыландыруды ұйымдастыруды өзгерту, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатаң бақылау енгізу, сондай-ақ медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша тапсырмаларын іске асыру аясында Денсаулық сақтау министрлігі саладағы жүйеге тиісті талдау жасады. Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлігінде биылғы ақпан айынан бастап нормативтік-құқықтық актілерге бірқатар бағыттар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі іс-шаралар іске асырылып жатыр», - делінген министрліктің Kazinform агенттіген берген жауабында. 


Бұл тұрғыда амбулаториялық жағдайларда медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) және мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру, скринингтік зерттеулер, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлерін қолдау, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарлық көмек бойынша созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмекті ұйымдастыру қамтылған. Әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдығуы мүмкін адамдардың диагнозын және сараланған диагностикасын анықтау мақсатында ТМККК аясында сақтандыру мәртебесіне қарамастан клиникалық-диагностикалық зерттеулер жүргізу бөлігінде нормалар әзірленді. 


Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2024 жылғы 7 ақпандағы медициналық сақтандыру жүйесін түбегейлі жаңғырту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі «Әлеуметтік медициалық сақтандыру қоры» КеАҚ-пен бірлесіп іс-шаралар кешенін әзірледі.


«МӘМС жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қолға алынды. Халықты МӘМС жүйесімен қамтуды арттыру, медициналық көмек пакеттерін жетілдіру, пайдаланылатын қаражаттың ашықтығы мен қадағалануын арттыру үшін жүйені цифрландыру ескерілген. Мұнымен қоса, қаржыландыру бойынша негізсіз шығыстарды оңтайландыру, қаражат игерілеуін бақылау, көрсетілмеген қызметті іске асырылды деп жазатындармен күрес, саланы қаржыландыруды ұлғайту жөніндегі шаралар қолға алынды. МӘМС жүйесін жаңғырту бойынша жоғарыда аталған барлық шараларды қабылдау қаражатты тиімді пайдалануды, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сақтандыру қағидаттарын енгізуге мүмкіндік береді», - деп аталып өткен Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратында.