Цой тамыз-қыркүйек айларына болжам айтты.
272
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың таралуы бойынша тамыз-қыркүйек айларын болжады.
"Эпидемиологиялық жағдайды болжау негізінде тамыз-қыркүйекте біз оптимистік сценариймен келе жатырмыз. 2 айда тіркелетін жағдайлардың болжамды саны 250 мың адамға жуықтайды. Яғни тәулігіне орташа есеппен 7 мың адам", - деді Цой үкімет отырысында. Министр оптимистік сценарий карантин талаптарын сақтап, вакцина салу көрсеткіші ұлғайғанда ғана сақталатынын айтты. Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау және Қарағанды облыстары жаңа пайда болған "қою қызыл" аймақта тұр. Бұл өңірлерде төсек-орындардың апталық толу көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 200-ден асады. 2 тамыздан бастап өңірлерде шектеу шаралары күшейтілді. Бүгін Түркістан облысы қайта "сары" аймаққа оралғаны хабарланған болатын. Өңір "қызыл" аймақта бірнеше күн ғана болды.
Сонымен бірге, елде өткен тәулікте барлығы 7 481 адам коронавирусқа шалдықты.