ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Астанада өткен Халықаралық конференцияда қауіпсіз орта құру, сапалы диагностикаға, емдеуге және менталдық бұзылулардың профилактикасына қолжетімділікті жақсарту мақсатында балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Конференция сарапшыларының пікірінше, халықаралық конференцияда қабылданған психикалық денсаулықтың профилактикасы, нығайту және қорғау шаралары жан-жақты болып табылады, көпфункционалды және сектораралық тәсілді қажет етеді, өйткені психикалық бұзылулары бар адамдар денсаулық сақтау секторынан тыс қызметтерге және одан әрі қолдауға мұқтаж.
Конференция барысында қатысушылар қоғамның психикалық денсаулық туралы түсінігін өзгерту, балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығына қатысты стигмамен күресу стратегиясын әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударуға лайық екенін атап өтті.
Халықаралық конференцияны БҰҰ-ның «ЮНИСЕФ» Балалар қоры ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің қолдауымен ұйымдастырды және Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Беларусь делегаттарының қатысуымен өтті.