Аллергия тұқым қуалай ма?

457

Фото: pixabay.comАллергия атадан балаға беріліп, тұқым қуалауы мүмкін бе деген сауалға Алматыдағы №36 қалалық емхананың ЖТД бөлімінің бастығы Назым Құрманқұлова жауап берді.

Жалпы тәжірбие дәрігері Назым Құрманқұлова аллергияның тұқым қуалайтынын немесе жүре пайда болатынын түсіндірді. 

"Кез-келген нәрсеге аллергия толық берілмейді, бірақ аллергияға бейімділік тұқым қуалайды", - дейді сарапшы. 

Дәрігердің айтуынша, аллергия адамда кез-келген жаста, тіпті бұрын аллергиясы болмаған нәрселерден де пайда болуы мүмкін. Бұл иммундық жүйемен байланысты. 

Барлық аллергендер антигендер болып саналады және антигеннің адам ағзасына әсер еткен сайын антиденелер пайда болады.

Денедегі антиденелердің жеткілікті мөлшерінде титр жоғарылайды, содан кейін аллергияның алғашқы белгілері пайда болуы мүмкін. 

"Аллергиямен ауыратындардың иммунитеті әлсіз емес. Жай ғана жеткілікті деңгейде жаттықтырылмаған", - деп сөзін жалғады Назым Құрманқұлова. 

Дәрігер аллергиямен ауыратындар қарапайым адамдар сияқты төзімді болуы мүмкін екенін жеткізді. Оның сөзінше, аллергия мен инфекцияға қарсы қорғаныс тікелей байланысты емес.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.