Қазақстан "жасыл" аймақта
318
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы қазіргі эпидемиологиялық ахуал туралы мәлімдеді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстанның 11 өңірі "жасыл", төрт өңір “сары” аймақта тұр. Сондай-ақ Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта. Қазақстанда соңғы айда ауру өсімі 2,4 есе, стационарлардағы науқастар саны 1,4 есеге, амбулаторлық деңгейде емделіп жатқандар саны 1,8 есе азайды. Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жұмыстары жүріп жатыр. Бірінші компонентті 8,7 миллион адам салдырса, екінші компонентті 7,9 миллион адам салдырды. Одан бөлек, Қазақстанға Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы жеткізілді", - деді Цой Үкімет отырысында.Министрдің айтуынша, вакцина алатын топтағы 35 012 адамға Pfizer вакцинасы егілген.
“Оның 26 354-і бала, 8 658-і жүкті және бала емізетін әйелдер. Вакцина апта сайын жеткізіледі.", - деді министр.