Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырғандар саны артуда
Сібір жарасы салдарынан Қарағанды облысы елді-мекендерінің бірінде карантин енгізілді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сібір жарасы салдарынан Қарағанды облысы елді-мекендерінің бірінде карантин енгізілді.
Аталмыш ақпаратты Топар әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
Хабарда атап өтілгендей, кентте барлық қажетті ветеринариялық және санитариялық - эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Сібір жарасы – ауыл шаруашылық малдары мен жабайы аңдардың барлық түрінде кездесетін аса қауіпті жұқпалы ауру, сонымен қатар адамдар арасында да кездеседі, кейде ол ауру жұққан алғашқы күндері –ақ өлімге алып келеді.
Қаз
Рус






