Қазақстанда қызылша жұқтыру дерегі өсті
Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова елімізде қызылша ауруын жұқтырудың 3 мыңнан астам оқиғасы тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Кейінгі 10 жылда елде қызылша ауруын жұйқтыру жағдайларын қоспағанда, вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Биыл қызылшамен сырқаттану деректерінің өсуін байқап отырмыз. Қазір қызылшаны жұқтырудың 3 037 жағдайы тіркелген», - деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қызылша ауруы елдің барлық аймағында тіркеліп жатыр. Атап айтқанда, қызылша Алматы қаласында (1 101.), Жамбыл (430), Алматы (352), Атырау облыстарда (237), Астана (209) және Шымкент (194) қалаларында көп анықталған.
«Ауру жұқтырудың жағдайының өсуіне қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация алмаған балалардың көбеюуі себеп болып отыр. Мәселен, ауырғандардың 72 пайызында вакцинацияланбаған балалар анықталды. Оның ішінен 60 пайызында ата-аналардың вакцинациядан бас тартуына байланысты болған (1282), 20 пайызында (416) екпеге медициналық қарсы көрсетілімдері анықталды, сондай-ақ қалған 20 пайызында (431) балалар вакцина егу жасына жетпеген», - деді вице-министр.