ДДСҰ маймыл шешегіне байланысты жаңа мәлімдеме жасады

409
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге ДДСҰ маймыл шешегінің таралуы толықтай ауыздықталатынына сенімді емес екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы.

Клюгеның айтуынша, маймыл шешегінің таралуын тоқтату үшін COVID-19 кезінде қажет болған шараларды қолданудың  қажеті жоқ, өйткені вирус басқаша таралады.
Сондай-ақ, ол инфекция жазда Еуропада және саяхатшылар көп баратын басқа елдерде көп таралуы мүмкін екенін айтты.

"Алдағы айларда жоспарланған ондаған фестиваль мен ірі кештердің көпшілігінде вирустың таралу ықтималдығы жоғары", - деді Клюге.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.