ДДСҰ маймыл шешегіне байланысты жаңа мәлімдеме жасады
413
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге ДДСҰ маймыл шешегінің таралуы толықтай ауыздықталатынына сенімді емес екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы.Клюгеның айтуынша, маймыл шешегінің таралуын тоқтату үшін COVID-19 кезінде қажет болған шараларды қолданудың қажеті жоқ, өйткені вирус басқаша таралады.
Сондай-ақ, ол инфекция жазда Еуропада және саяхатшылар көп баратын басқа елдерде көп таралуы мүмкін екенін айтты.
"Алдағы айларда жоспарланған ондаған фестиваль мен ірі кештердің көпшілігінде вирустың таралу ықтималдығы жоғары", - деді Клюге.
Қаз
Рус






