МӘМС жыры: Аймағамбетов заң бәріне ортақ болуы керегін айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов МӘМС жүйесі туралы ойын айтты, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Депутат атап өткендей, МӘМС жүйесінде әрбір азамат ай сайын жалақысынан 2% жарна төлейді. Жұмыс беруші де әр қызметкері үшін қосымша 3% аударады. Бұдан бөлек, 15 санаттағы азаматтар бар: зейнеткерлер, балалар, студенттер және тағы басқалар. Олар үшін жарнаны мемлекет төлеуі тиіс. Заң бойынша — орташа жалақының 2%-ы көлемінде.
Бұл жай ғана сан емес. Осы қаражаттың түспеуіне байланысты:
• емханалардағы ұзын-сонар кезектер,
• қолжетімсіз анализдер мен дәрі-дәрмек,
• және уақытында көмек ала алмаған мыңдаған адам.