"Қыркүйекте карантин жарияланады": Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Telegram-да 2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстанда пандемияның жаңа толқыны басталып, локдаун жарияланатыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.
Баршаңызды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз. COVID-19 пандемиясы туралы ресми ақпаратты coronavirus2020.kz сайтынан, сондай-ақ COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналынан алуға болады.