"Қыркүйекте карантин жарияланады": Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратқа қатысты пікір білдірді

261

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Telegram-да 2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстанда пандемияның жаңа толқыны басталып, локдаун жарияланатыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Фото: pixabay.com


Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.


"Бүгінде көріп отырғанымыздай, коронавируспен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады. Нұр-Сұлтан қаласы "сары", қалған облыстар "жасыл" аймақта орналасқан. Сырқаттанушылық аздап өсті, бірақ эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Біз баршаңызды вакцина алуға және ревакцинациядан өтуге, қоғамдық орындарда бетперде тағуға және мүмкін болса, COVID-19 жұқтырмас үшін шет елдерге сапар шекпеуге шақырамыз. Карантиндік шараларды күшейту немесе жеңілдету туралы шешімді Ведомствоаралық комиссия қабылдайды. Қазіргі кезде карантин жариялау туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ", – деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.



Баршаңызды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз. COVID-19 пандемиясы туралы ресми ақпаратты coronavirus2020.kz сайтынан, сондай-ақ COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналынан алуға болады.





OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.