Қазақстанда дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың қоры құрылмақ

1 271

Елімізде халықты тегін дәрі-дәрмекпен уақтылы қамту мақсатында қор қалыптастыру жоспарлануда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі іркілістердің алдын алу мақсатында бірыңғай дистрибьютордың өз қаражаты есебінен кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында берілетін дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың қорын құру жоспарланып жатыр. Бұл өз кезегінде – дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етуге, тәуекелдердің алдын алуға, төтенше жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», - деді СК Фармация ЖШС баспасөз хатшысы Әйгерім Смаилова бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағаны көтеру жобасын талқылау барысында.


Айта кетейік, бүгін Астанада кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйелерінің шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арнайы құқық субъектісі ретінде бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағаны көтеру жобасын талқылау бойынша ашық тыңдау өтті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.