"Омикрон" өршіді: вакцина егу қайта басталуы мүмкін
Бес жыл бұрын жаһан жұртын дүрліктірген "Омикрон" Азияда қайта өрши бастады. Әсіресе Гонконг пен Сингапурде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазірдің өзінде 14 мыңнан астам адамнан "LP.8.1" деп аталатын вирустың жаңа түрі табылған. Енді пандемияның жаңа толқыны әлемді алаңдатып отыр. Эпидахуал өрши түссе, вакцина егу қайта басталуы мүмкін екендігін "КТК" арнасы атап өтті.
Гонконг пен Сингапур, Қытай мен Таиландатағы жағдай алаңдатарлық. Гонконг дәрігерлері "Омикрон" індетінің жаңа толқыны басталғанын растады. Осы айдың өзінде 30-дан аса адам көз жұмған. Сингапурде де ай басынан бері 14 мыңнан аса адам вирус жұқтырыпты. Күніне 130-ға жуық науқас ауруханаға түсіп жатыр. Басым бөлігі 65 жастан асқандар. Отандық дәрігерлер жаңа штамның белгілерін атады.
Сондай-ақ әлсіздік пайда болып, дене сырқырайды. Бірнеше күннен кейін вирус күшейіп, дене қызуы 39 градусқа дейін көтеріледі екен. Жыл басынан бері елімізде 329 жағдай тіркелген, қайтыс болғандар жоқ. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз. Елдегі эпиджағдай жіті бақылауда, сондықтан алаңдауға негіз жоқ деп отыр жауапты органдар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Ковид-19 пандемиясын ресми жарияғалы бес жыл өтті. Осы уақыт ішінде әлемде 700 миллионнан астам адам вирус жұқтырып, 7 миллионы көз жұмған екен. Бұл адамзат тарихындағы ең қатерлі індеттердің біріне айналды. Бұрын‑соңды болмаған шектеу шаралары қабылданып, халық бірнеше уақыт міндетті карантинде болған еді. Сол себепті көпшіліктің алаңдауы — заңдылық.
Дереккөз: "КТК" арнасы







