Шетелден жеткізілген дәрі-дәрмек толық тексерістен өтеді — ДСМ

2 529

Фото: Денсаулық сақтау министрлігіҚазақстанға жеткізілетін дәрілік препараттарға толық сараптама жасалады. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар ол елге ресми түрде жеткізілетін дәрі-дәрмектің басым бөлігі шетелден келетінін айтты. Олардың барлығы тиісті тексеруден өтеді.

— Егер дәрі-дәрмекті шетелде жеке өзіңізге алсаңыз, мұны мемлекет бақыламайды. Шектеулі препараттар болса, оны кеден қызметі көреді, яғни психотропты заттар тасымалдануы мүмкін, — деді Ербол Оспанов.

Оның айтуынша, адамдардың жүрек ауруына немесе онкологияға тиісті препараттарды шетелде сатып алуына шектеу жоқ.

— Ал алыпсатарлық мақсаттағы әрекеттер заңға қайшы. Оны құзыретті органдар бақылайды. Бірақ ресми түрде Қазақстанға жеткізілетін дәрілер бар. Оны дистрибьютор міндетті түрде тіркейді. Бұл тұрғыда арнайы мемлекеттік мекеме сараптама жасап, препараттың құрамын зерттейді, өндірушінің зауыттан тиісті құжаттарды алдыртады, — деді вице-министр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.