Денсаулық сақтау саласының мамандарына МӘМС-тегі өзгерістер түсіндірілді

2 258

Фото: Freepik.comӨңірдегі медициналық ұйымдарда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының өкілдерімен кездесулер өтуде. Сарапшылар «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға енгізілген өзгерістерді, жаңа шарттар бойынша Қормен өзара іс-қимыл тәртібін түсіндіріп, МӘМС жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Басты мақсат – халықты МӘМС жүйесімен кеңінен қамту және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.

Қор филиалы директорының орынбасары Жұпар Алхожаеваның айтуынша, 2026 жылдан бастап енгізілетін бірқатар өзгерістер ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді:

  • 8 әлеуметтік мәні бар ауру бойынша диагностикалық тексерулер;
  • Амбулаториялық диализ;
  • Жоғарғы асқорыту жолдарының, қалқанша безі, жүрек-қан тамырлары және генетикалық аурулар сияқты 12 түрлі созылмалы ауру бойынша амбулаториялық және стационарлық қызметтер;
  • Онкологиялық скринингтер - МӘМС жүйесінде сақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін тегін.

Сондай-ақ, кездесу барысында медициналық этика, беделді басқару, пациенттермен кері байланыс және тұрғындарды кеңінен ақпараттандыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.