Еліміздегі аурушаңдық 4 пайызға өскен
1 669
Елімізде әйелдердің көбі тыныс алу ағзаларының дертіне шалдығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің дерегінше, елімізде қыз-келіншектердің 27% тыныс алу ағзаларының дертіне, 12% несеп-жыныс жүйесі, 8% қанайналым жүйесі, сол сияқты 6% сүйек-бұлшықет жүйесінің және ас қорыту ағзасы ауруларына шалдығады.
Елімізде 10 млн-нан астам әйел бар. Оның 4 млн-нан астамы бала туу жасында және 18 жасқа дейінгі 3 млн-нан астам қыз бала тұрады. Денсаулық сақтау жүйесінде профилактика және дертті ерте сатыда анықтауға бағытталған іс-шаралар басымдыққа ие. Осы орайда аурудың алдын алу мақсатында диагностика скринингтері жүргізіледі. Әлемде әйелдердің өліміне инфекциялық емес аурулар негізгі себеп болып отыр. Елімізде аурушаңдық бір жылда 4 пайызға өсті. 100 мың адамға шаққанда 50 мыңнан асып түседі, - деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында.
Министрдің дерегінше, елімізде қыз-келіншектердің 27% тыныс алу ағзаларының дертіне, 12% несеп-жыныс жүйесі, 8% қанайналым жүйесі, сол сияқты 6% сүйек-бұлшықет жүйесінің және ас қорыту ағзасы ауруларына шалдығады.
3 млн-ға жуық әйел диспансерлік есепте тұр. Бұл бақылауда тұрған ересектердің 62,5%-ын құрайды (4,8 млн адам). Жыл сайын стационарларда 2 млн-ға жуық әйел емделеді және 500 мың әйелге хирургиялық көмек көрсетіледі. Жалпы әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 74 жасты құрайды. Әйелдер ерлерге қарағанда 7,7 жасқа ұзағырақ (66,33 жас) өмір сүреді, - дейді ведомство басшысы.