ВИЧ-пен ауыратындарға да бала асырап алу құқығы берілмек

303

Елімізде инфекциялық ауруы бар азаматтарға да бала асырап алуға рұқсат берілуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген бұйрық «Ашық НҚА» порталында қоғам талқысына шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.



Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесінен адамның жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) және адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) алып тастау көзделген, - делінген  құжатта.

Салыстырмалы кестеде көрсетілгендей, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 79-бабы 5-тармағына сәйкес, АИТВ инфекциясын жұқтырған қазақстандықтардың заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасының басқа азаматтарымен тең дәрежеде бала асырап алуға құқығы бар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.