Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы төмендейді ме?

2 544

Фото: gov.kzҚазақстанның фармацевтикалық нарығында бірқатар дәрілік заттардың бағасы төмендеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бағаның арзандауы жаңартылған баға белгілеу тетігін енгізумен байланысты. Жаңа жүйе дәрі-дәрмек құнын қалыптастыруды ашық әрі болжамды етуге бағытталған.

Қазіргі таңда 4994 саудалық атауға шекті бағалар бекітіліп, 1707 рецептсіз препарат мемлекеттік реттеуден шығарылған. 2025 жылы еліміздің 20 өңірінде жүргізілген мониторинг нәтижесінде қыркүйекте дәрілердің 34%-ының бағасы орта есеппен 7,8%-ға, ал қазанда 50%-ының бағасы 11,1%-ға төмендегені анықталды.

Комитет халықты әділ бағамен сапалы дәрілермен қамту үшін нарықтағы үрдістерді тұрақты талдауды жалғастырады. Азаматтар заңбұзушылық анықталған жағдайда DariKZ және Naqty Onim мобильді қосымшалары арқылы шағымдана алады. Айта кетсек, 2026 жылдан бастап медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектер ҚҚС-тан босатылады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.