Ғалымдар Омега-3 биологиялық қартаюды бәсеңдететінін анықтады

2 215

Фото: Kazinform Ғалымдар Омега-3 дәруменін үнемі қабылдау биологиялық қартаюды бәсеңдететінін анықтады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агенттігі TRT сайтына сілтеме жасап. 


Зерттеушілер жасушалар мен дене мүшелерінің жасқа байланысты қызметінің төмендеуі бойынша жүргізілген 3 жылдық зерттеуде 777 швейцариялық қартқа жасалған клиникалық сынақтың нәтижелерін талдады. Зерттеу нәтижесінде күніне бір грамм Омега-3 дәруменін қабылдаған адамдарда қабылдамағандармен салыстырғанда биологиялық қартаю 4 айға дейін төмендегені анықталды. 

Сондай-ақ құрамында омега-3 бар диеталар қабынуды азайтуға, буынның жақсаруына, жүрек ауруы, қатерлі ісік және деменция қаупін азайтуға да пайдалы екендігі атап өтілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.