Өңірімізде полицейлер коронавирус вакцинасын салдыра бастады

298

Фото: pixabay.comҚызылорда облысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері коронавирус инфекциясының екпесін салдыра бастады.
Бұл бойынша ұйымдастыру шаралары облыстық денсаулық сақтау басқармасы және облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен келісілген. Аталған шара қалалық №1, 3 және 6 емханаларда жүргізіліп жатыр.
 Облыс орталығындағы №6 емханада Қызылорда қалалық полиция басқармасының басшылары бастаған жеке құрамы «Спутник V» вакцинасын салдырды.
            Алғашқы кезекте екпе учаскелік полиция инспекторларына егілді. Олардың негізгі қызметі - халықпен тығыз қарым-қатынаста, тікелей байланыста болғандықтан тәртіп сақшылары осындай шешім қабылдады. 
Вакцина салғаннан кейін полиция қызметкерлерінің жағдайы дәрігерлер бақылауында болады. Қазір олардың денсаулығы бірқалыпты.
            «Коронавирус вакцинасы саллына бастағанын хабарлаған кезде мен оны бірден алғым келетінін айттым. Біз, полицейлер, сондай-ақ медицина қызметкерлері азаматтармен тығыз байланыстасыз. Күн сайын халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, күні-түні алдыңғы шептеміз. Вакцина алу менің денсаулығыма ғана емес, айналамдағылардың саулығы үшін де қажет», - деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Сәкен Бөрібаев.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.