Солтүстік Қазақстанда жаңа туған нәресте пневмонияға шалдыққан

441

Қызыл аймақтағы Солтүстік Қазақстанда жаңа туған нәресте пневмонияға шалдыққан, жағдайы ауыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Мамандардың айтуынша, аймақтағы эпидахуал күрделі. Күніне жүздеген адам коронавирус жұқтыруда. 


Дәрігерлер ауыр халде ауруханаға жеткізілетіндердің саны көбейгенін айтады. Қазір емдеу орталықтары 40 пайызға толған. Олардың арасында пневмонияға шалдыққан нәресте жансақтау бөлімінде жатыр. 

"Біздің облыста жаңа туған нәрестенің ПТР тесті оң болып, пневмонияға шалдыққаны анықталды. Бала ауыр мен өте ауыр халдің ортасында тұр. Аман алып қалу үшін дәрігерлер бар күшін салып жатыр", - деді СҚО Денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Нұрлан Айманов.

Дәрігерлер балалар мен әйелдердің иммунитетін нығайту үшін осы санаттағы 1 500-нан астам адамға "Pfizer" вацинасын салған. Осыған байланысты ауру көрсеткішінің төмендей бастағаны байқалған. 

"Соңғы екі аптаның ішінде коронавирус жұқтырудың 1 919 фактісі тіркелді. Бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 5 пайызға төмен. Соңғы 7 күн ішінде ауру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 170 болып оытр", - деп мәлімдеді СҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.