Шымкентте жағымсыз жаңалықты естіген медқызметкерлер бас көтерді

469

Фото: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөзіШымкентте 60-қа жуық медицина қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін. Жақында емхана жұмысшыларына қызметкерлерді жеке клиникаға ауыстыратыны туралы айтқан.

 Медқызметкерлердің сөзінше, олардан бұған келісім сұрамаған. Жағдайға қатысты қалалық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді.


Дәрігерлер мен медбикелер жеке клиникаға ауысқаннан кейін ақылы еңбек демалысы мен денсаулығына байланысты демалыстан ғана емес, жалдамалы баспанасынан, сондай-ақ пәтер кезегінен айырылып қаламыз ба деп алаңдаулы. 


"Біздің жұмыссыз қалғымыз келмейді. Біздің несиеміз бен балаларымыз бар. Көпшілігі пәтер жалдап тұрады. Қайда баруымыз керек?", - дейді емхана қызметкері. 


Айтуларынша, учаскелік қызметкерлер жеке емханаға ауыстырылып, салалық мамандар өзінің бұрынғы жұмыс орнында қалады.


 "Уческелік қызметкерлерсіз жұмыс істеуіміздің не пайдасы бар? Бізге халықты кім жібереді? Біз салалық мамандармыз, ал учаскеліктер пациенттерді салалық мамандарға жібереді. Біз учаскелік қызметкерлерсіз қалай жұмыс істейміз?", - дейді ақ халаттылар. 


Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы медициналық мекеменің қызметкерлеріне басу айтты. Басқармадағылар ешкімді жұмыстан шығармайтынын мәлімдеді. 


Қызметкерлер тек өздерінің келісімімен ғана мемлекеттік емханадан жеке емханаға ауыстырылады. Бұл іс-шара мемлекеттік-жеке серіктестік аясында және жаңа нысанның құрылысы аяқталғаннан кейін ғана жоспарланған. 


"Олардың жалақысы сақталады. Кейде олар жоғары жалақы алатын болады. Олар жақсы жағдайда жұмыс істейтіндіктен, бұл тек артықшылық болмақ. Егер 9-емхананы салынып жатқанымен салыстырсақ, екеуі жер мен көктей", - дейді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.