Нұрымбет Сақтағанов облыстық онкология орталығының жаңа ғимаратына барды

41

Нұрымбет Сақтағанов облыстық онкология орталығының жаңа ғимаратына барды,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

 

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов жұмыс сапарымен жаңа ғимаратта жұмысын бастаған облыстық онкология орталығына барды.

 

Орталық бас дәрігерi Нұржамал Жұмағалиқызы облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы мен аймақтың бас дәрігері Олжас Ермекұлына жаңа орындағы атқарылып жатқан жұмыстар, құрал жабдықтарымен таныстырды. 

Сондай-ақ, аралау барысында науқастармен кездесiп, ұсыныс-пiкiрлерiн тыңдады. Өз кезегiнде емделушілер қатары жаңа ғимараттың өте таза, заманауи жабдықтармен жабдықталғанын айтып алғыстарын бiлдiрдi. 

Нұрымбет Аманұлы тарапынан орталық қызметкерлеріне әрбір науқастың жағдайы ескерусіз қалдырмау керектігі айтылып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, облыстық онкология орталығы 2002 жылдан бастап онкологиялық аурумен ауыратын пациенттердің стационарлы ем қабылдауына бейімделмеген облыстық көпбейінді аурухананың «Әкімшілік-техникалық» бөлімінде орналасса, ағымдағы жылдың 19 шiлдесiнен бастап кең әрi науқастардың ем алуына толық жағдайы жасалынған 200 төсек орынға арналған жаңа ғимаратта жұмысын жалғастыруда.

Сондай-ақ, орталықтың емхана бөлімі дәрігердiң кеңесін қажет ететін және жоспарлы ем алу мақсатында ауруханаға жатуға жолданған пациенттерді де қабылдауда. 

 

Жаңа ғимараттың әр палатасында 2-3 ем алушыға арналған және пациенттер үшін арнайы санитарлық тораптармен (әжетхана, жуыну бөлмесі), желдеткіштермен, орталықтандырылған оттегімен  қамтамасыз етілген. 

Жансақтау бөлімі 6 төсек-орыннан 12-16 төсек-орынға дейін кеңейтілген, жабдықталған  операциялық 2 залы бар.

Ғимарат қосымша жаңа компьютерлік томограф, заманауи рентген аппаратымен, видеоэндоскопиялық аппаратпен жабдықталған. лдағы 2 жылда тағы 8 нысанның құрылысы жүреді. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді.

«2017 жылы денсаулық сақтау саласындағы апатты нысандардың мәселесін шешу және олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдық берілді. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде авариялық нысандар проблемасы шешіліп жатыр. 5 жылда салынған 57 нысанның 49-ы апатты объектілердің орнына бой көтеріп, жаңаланды. Қалған 8 нысанның құрылысын алдағы 2 жылда бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Өткен жылы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінен 150 орындық аудандық аурухана пайдалануға берілді. Биыл Арал ауданында 150 орындық орталық аурухана ашылады. Келер жылы Шиелідегі аудандық аурухананың құрылысын тәмамдаймыз. Сондай-ақ, Жаңақорған ауданындағы 250 келушіге арналған емхананы салып бітіреміз»,-деп атап өтті аймақ басшысы.

2018 жылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Арал ауданының Беубауыл, Қазалы ауданының Өркендеу, Сырдария ауданының Ақжарма ауылдарында дәрігерлік амбулаториялардың құрылысын бастау көзделіп отыр. Сонымен қатар, Қазалы ауданында 250 орындық емхананың жобасы әзірленеді. Қызылорда қаласында 100 келушіге арналған 300 орындық емханасы мен онкологиялық бөлімшесі бар көпсалалы аурухананың іргесі қаланады.

«Сондай-ақ, биыл Жалағаш кентіндегі апатты жағдайдағы 100 орындық аурухананың жобасын әзірлеу жұмыстарын аяқтап, жыл соңына дейін құрылысын бастап кетуге күш саламыз. Денсаулық сақтау саласындағы тағы 24 жобаны мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырамыз, яғни 15 дәрігерлік амбулатория, 3 емхананың жобалық құжаттарын дайындап, құрылысына кірісеміз. Медициналық қондырғы алу мақсатында 6 жобаны іске асырамыз», - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, биыл аймақтағы денсаулық сақтау мекемелерінің медициналық қондырғымен қамтылу көрсеткішін 90%-ға жеткізу жоспарланып отыр. 2015 жылы бұл көрсеткіш 43% болса, 2017 жылы 76,5%-ға жетті

 

Жаңа ғимарат Берке хан 49 «А» мекен-жайында орналасқан (бұрынғы Модульді инфекциялық стационар).