Енді елімізде акушер-гинеколог, кардиолог, уролог сияқты мамандар науқастарды онлайн қабылдайды

1 585

Енді елімізде акушер-гинеколог, кардиолог, уролог сияқты мамандар науқастарды онлайн қабылдайды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Денсаулық сақтау министрлігі енді амбулаториялық-емханалық жағдайларда бірнеше медицина мамандары науқастарды қашықтықтан қабылдайтыны туралы жаңа бұйрық дайындады. Олардың ішінде гинеколог, хирург, акушер, терапевт, кардиолог т.б бар.


Құжат жобасына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде амбулаториялық-емханалық жағдайларда қашықтан қызмет көрсету ұсынылады. Бұл мамандандырылған медициналық көмектің шарттары бойынша медициналық қызметтердің тізбесін кеңейтпек.


Қашықтықтан медициналық қызметтердің жаңартылған тізімде: терапевт, педиатр, хирург, акушер-гинеколог, психолог, кардиолог, ревматолог, невропатолог, инфекционист, аллерголог, уролог, онколог тағы басқалары бар.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.