Қытайда коронавирустан 60 мың адам қайтыс болған

423
Қытайда кейінгі айда коронавирустан 60 мың адам қайтыс болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген болатын. Қайтыс болғандардың 90 пайызы  65-тен асқан қарт кісі екендігі аталып өтті.

Қараша айында Қытайда жаппай шектеуге наразылық басталып, желтоқсанда оның көбі алынып тасталды. Соның салдарынан елде індеттің таралуы қайта күшіне енді.
Бірақ өткен аптада жергілікті билік шектеулерді тағы жеңілдетіп, шетелдіктерге қатысты карантин шараларын жойды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.