Коронавирусқа қарсы шетелдік вакциналар ақылы болады
415
Министр Алексей Цой Қазақстанда шығарылмайтын коронавирусқа қарсы вакциналар болашақта ақылы түрде салынатынын айтты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
"Сіз Facebook-та ревакцинацияға қатысты ұсыныс жасадыңыз. Оған сәйкес, 2022 жылдан бастап Қазақстанда өндірілген вакциналар қолданылады. Сонда келесі жылы қазақстандықтарға ревакцинация және жоспарлы вакциналау үшін тек QazVac пен Спутник V ғана қолжетімді бола ма?", - деді журналистер."Біздің пайымымыз бойынша, Қазақстанның өзге елдерге қарайламай, тиімділігі клиникалық зерттеулермен дәлелденген өз вакцинасын шығара алатын мүмкіндігі бар болғандықтан, отандық екпені ғана кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында сатып алуға болады. Оның өзінде қалған вакциналар тұмау сияқты аурулардың екпесі секілді коммерциялық айналымға жіберіледі. Біз қазір өндіруші компанияларды нарыққа кіріп, қызметін ұсынуға үгіттеп жатырмыз", - деді министр.
Ведомство басшысы Қазақстанда тіркелген вакциналарға шектеу жоқтығын атап өтіп, шетелдік вакцина түрлерін азаматтар өз қаражаты есебінен салдыра алатындарын түсіндірді. Яғни, Спутник V және QazVac вакцинасынан басқа екпелерді қосымша, ақылы негізде салдыруға болады. Қазір фармкомпаниялар бұл мәселемен айналысуда.
“Оның өзінде қалған вакциналар тұмау сияқты аурулардың екпесі секілді коммерциялық айналымға жіберіледі. Біз қазір өндіруші компанияларды нарыққа кіріп, қызметін ұсынуға үгіттеп жатырмыз", - деді министр.
Біз өз вакцинамызды шығара аламыз. Оның клиникалық тиімділігі дәлелденген. Ол вакцинаны кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында сатып алатын боламыз. Бірақ басқа вакциналар тұмау мен басқа да екпелер сияқты коммерциялық айналымда болады. Адамдар ол вакциналарды ақылы түрде салдыра алады", - деді Цой.