ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 5823 АДАМ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ТІЗІМДЕ ТҰР

606
Қызылорда облысында наркологиялық тізімде 5823 адам есепте тұр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 
Бүгінде салауатты өмір салтын ұстанып жүрген адамдардың саны артқанымен, өз денсаулығына бей-жай қарайтын адамдарда бар. Яғни, бірі  психоактивті заттарға тәуелді. Атап айтсақ, шылым, ішімдік және түрлі есірткілік заттар. 2021 жылғы ресми деректерге сүйенсек, елімізде 100 000- ға жуық адам психоактивті заттарға әуес делінген. Әрине, бұл аталған көрсеткіш көңіл қуантарлық жайт емес. Десек те, Қызылорда облысында 5823 адам ресми тіркелген, ал ресми тіркелмегендер қаншама?! Осы орайда, 
«Орталықтан стационарлық детоксикация, оңалту және әлеуметтік-оңалту бағдарламалық ем-шаралардан өткен науқастар нашақорлық пен алькогольді тәуелділіктен айыға алады.  
  • жасөспірімдер- 3, 
  • 18-29-ға дейінгі жас аралығында 398 адам; 
  • 30-39-ға дейінгі жас аралығында 1290 адам;
  •  40-49-ға дейінгі жас аралығында 1976 адам;
  • 50-59-ға дейінгі жас аралығында 1491 адам;
  • 60 және одан жоғары 665 адам. 
Оңалту мекемесінде науқастар ерікті түрде 20 күннен 2 айға дейін емделсе, мәжбүрлі емдеу бөлімшелерінде сот үкімімен 6 айдан 2 жылға дейін ем-шаралары жүргізіледі. Орталықтың жылдық қаржысы наркологиялық және психиатриялық науқастардың электронды регистрінде есепте тұрған науқастардың санына байланысты қаржыландырылып тұрады» - дейді Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директоры Әділбай Медетбаев.
Ғылыми зерттеушілердің сөзінше, жеткіншек жастарымыздың психоактивтік заттарға әуес болуы көбіне, қоршаған ортада өз-өзін таппаған, я болмаса белгілі бір  өмірлік  тығырықтардан   жол таба алмай психотравма   алуынан болады дейді. Тәрбие тал бесіктен демекші, ес білгелі қазақ бала тәрбиесіне  атүсті қарамаған халық. Тіпті, қыз тәрбиесінің болашағы тікелей ұлт болашағымен байланыстырған. Алайда, бүгінгі қоғамның көрінісінде қыз баласы мен ер баласының бір-бірімен жарыса қоғамдық жерде көк түтінді бұрқыратып шылымды шегіп тұрғанын жиі байқаймыз. Сонымен қатар, елімізде  жаңа отбасылардың құрылмай жатып күйреуіне әкелетін де, осы ішімдік пен  есірткіге тәуелділікте болуы.
«Осы арақтың кесірінен қаншама отбасының шаңырағы шайқалды. Отбасы құрғанымызға 3 жыл болды. Осы арақтың кесірінен балаларымызбен бірге  қаншама   азап шегіп жатырмыз. Осы ішімдікді сату, ішу  қашан тыйылады екен» - дейді қала тұрғыны Назерке Құдайбергенова.
Яғни, осы пайдасыз ішімдіктің салдарынан,  қаншама отбасылар  ажырасып жатса,  ал балалары   тірі жетімдіктің  күйін кешуде.
 «Ағам мен әкем біраз жыл болды ішімдік ішулерін тоқтатар емес. Бірақ имандары бар. Қалай ішімдік ішулерін тоқтатсам болады» - дейді  қала тұрғыны Арай Маратқызы.
«Жалпы төрт жыл болды арақтан бас тартқаныма. Бір емі бар ол намаз. Мешітке көп бару,сүре көп оқу керек. Өз тәжірибемнен айтып отырмын. Арақтан арылу оңай емес, ерік жігер керек. Арақтан бастартайық, Алладан қорықайық» - дейді Бақтыкер Әлім.
Зиян заттарға тәуелділіктің алдын алу бойынша қаншама жұмыстар жасалса да нәтиже көңіл көншітпей тұрғаны көңілге қаяу ұялатады. Кейде осы салаға бөлініп жатқан қыруар қаржының есебінің нәтижесіне үңілуге қынжыласың. Десе де әр адамның өз өмірі өз қолында екенін де ескерген жөн сияқты. 
                                                                                                                                              АЙБАР