ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 323

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: gov.kzАстанада өткен Халықаралық конференцияда  қауіпсіз орта құру, сапалы диагностикаға, емдеуге және менталдық бұзылулардың профилактикасына қолжетімділікті жақсарту мақсатында балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Менталдық денсаулықты нығайту жолы әртүрлі компоненттерді -әрбір бала өзін тыңдап, түсінетін қолдаушы ортаны құруды қамтитынын атап кету қажет. Бұл эмоционалды интеллектіні дамытатын және стрестік жағдайларды еңсеретін білім беру процесі»,-деп атап өтті форум алаңында Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев.

Конференция сарапшыларының пікірінше, халықаралық конференцияда қабылданған психикалық денсаулықтың профилактикасы, нығайту және қорғау шаралары жан-жақты болып табылады, көпфункционалды және сектораралық тәсілді қажет етеді, өйткені психикалық бұзылулары бар адамдар денсаулық сақтау секторынан тыс қызметтерге және одан әрі қолдауға мұқтаж.

Конференция барысында қатысушылар қоғамның психикалық денсаулық туралы түсінігін өзгерту, балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығына қатысты стигмамен күресу стратегиясын әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударуға лайық екенін атап өтті.

Халықаралық конференцияны БҰҰ-ның «ЮНИСЕФ» Балалар қоры ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің қолдауымен ұйымдастырды және Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Беларусь делегаттарының қатысуымен өтті.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.