Салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді

2 500

Фото:© Видеодан скринАстанада салмағы 6 келіден асатын ірі сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Ерекше жағдай 24 қарашада елордалық Қалалық перинаталдық орталықта тіркелді.

36 жастағы Жұлдыз Әбдікәрімова таңғы сағат 08:25-те оперативті жолмен босанып, ұл баланы дүниеге әкелді. Сәбидің есімі Нұрәлі болды.

Нәрестенің салмағы 6140 грамм, ал бойы 64 сантиметр.

Медициналық мекеме мәліметінше, ана мен баланың жағдайы тұрақты. Анасының отадан кейінгі кезеңі қалыпты өтіп жатыр, қажетті емдеу шаралары жоспарға сай жүргізілуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.