Қызылордада денесінің көп бөлігі күйіп қалған балаға ота сәтті жасалды
418
Қызылордада дәрігерлер денесінің 65-70 пайызын күйік шалған 7 жастағы балаға ота жасады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі
Қызылорда көпбейінді облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне денесінің 65-70 пайызын күйік шалған 7 жастағы бала түскен. Газға күйіп қалған жеткіншектің жағдайы өте ауыр болған.
«Оған тез арада мамандандырылған медициналық көмек қажет болды. Баланың күйігі терең, көлемі үлкен еді. Ота жасайтын аймаққа тері жетіспейтіні анықталды. Осыған байланысты Астана қалалық №2 балалар ауруханасынан комбустиолог дәрігер Б. Сағидолла шақыртылды. Ол баланың күйікті жарасының біршама бөлігіне аутодермапластика отасын жасады. Отаға көпбейінді облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері де қатысып, біліктілігін арттырды. Отаның екінші кезеңі енді 10 күннен соң жасалады деп жоспарлануда», - деп мәлімдеді Қызылорда көпбейінді облыстық балалар ауруханасынан.