Балаларға МӘМС есебінен брекет қойылады ма?

2 514

Фото: Pixabay.comӘлеуметтік медициналық сақтандыру қоры балаларға МӘМС арқылы брекеттер мен импланттар тегін орнатылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қордың мәліметінше, қазіргі уақытта мұндай пилоттық жоба іске қосылған жоқ. МӘМС жүйесінде балалар тек жедел және жоспарлы стоматологиялық қызметтер, соның ішінде туа біткен жақ-бет патологиясы немесе тіс-жақ аномалиялары бар балаларға арналған ортодонтиялық көмек ала алады.

Қалған балалар үшін брекеттер мен импланттар МӘМС есебінен тегін берілмейді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.