400- ге жуық жеке медициналық мекеме жабылды

2 511

Фото: ChatGPTЛицензиясыз жұмыс істеп келген жеке медициналық мекемелер жабылды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл жайлы Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары мәлімдеген. Заң бұзған ұйымдардың қатарында оңалту орталықтары, тіс емханалары мен қызмет көрсету кабинеттері бар. Бұдан бөлек, фармацевтикалық қызмет көрсету қағидаларын бұзғандар да анықталған. 

Жағдай жаға ұстатарлықтай деуге болады.  Медициналық мекемелердің соңына май шам алып түскен министрлік мамандары 400-ге жуық ұйымның жұмысын тоқтатты. Тексеру басырында 500-ден астам әкімшілік жаза қолданылып, кәсіпкерлер 70 млн теңгеден астам айыппұл арқалады. 

Бұған себеп те жоқ емес. Айталық, 1900-ден астам жұмыс істеп тұрған жеке процедуралық кабинет анықталған. Оның ішінде 406 нысан медициналық қызметті лицензиясыз жүргізіп келген. Тексеруден кейін 247 процедуралық кабинет өз қызметін тоқтатқан. Ал наркологиялық және оңалту орталықтары бойынша 39 тексеру жүргізіліп, 14 нысанның лицензиясы жоқтығы анықталған. 

Құжатсыз қызмет көрсеткендердің қатарында тіс емханалары да бар. Стоматологиялық клиникалар бойынша 313 нысан тексеріліп, түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 143 клиника өз қызметін ерікті түрде тоқтатқан.  Бауыржан Жүсіпов, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы: - Осы кешенді тексерулердің нәтижесінде анықталған ең басты бұзушылықтардың себебі – лицензиясыз қызмет көрсету болып табылады. 

Енді осы лицензиясыз қызмет көрсету мәселесін түбегейлі шешу мақсатында Лицензия алғаннан кейінгі қызмет көрсету мәселесін бақылауды біз цифрландыру мәселесімен айналысудамыз. Лицензиялаудың бес жылдық жүйесі еңгізіледі  Цифрландырумен қатар жауаптылар салаға лицензиялардың бес жылдық мерзімін енгізу және стандарттарға сәйкестікті қайта бағалау жүйесін еңгізуге бейілді.