Қазақстандықтарға емхана таңдау өз еркінде болмақ

438

15 қыркүйекте Қазақстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымын еркін таңдау науқаны басталды, - Opennews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін алғашқы медициналық көмек ұйымдарына 19,4 миллион адам бекітілген. Олардың 11,6 миллионы қала тұрғындары, ал қалған 7,9 миллионы ауылдықтар.
2020 жылы емханаларды еркін таңдау қызметін 134,4 мың адам пайдаланған. Олардың 1037 адамы шетелдіктер, 1010 – басқа елдердің азаматтары және 27 қандас.

Алғашқы медициналық көмек ұйымдарына үш жолмен тіркелуге болады: таңдалған медициналық ұйымға тікелей хабарласу, электронды үкімет порталы арқылы онлайн тіркелу немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш жіберуге болады.
 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.