Пойыз және ұшақ жолаушылары арасында қанша қызылша дерегі тіркелді

2 595

Фото: Денсаулық сақтау министрлігіЕлімізде қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Жанар Оразалина айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.


«Соңғы 2 апта ішінде науқастану көрсеткішінің 15,7 пайызға төмендегені байқалады. Жағдайды одан ары жақсарта түсу үшін инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша белсенді іс-шараларды жалғастыру қажет», - деді ол агенттік тілшісіне берген сұхбатында. 


Оның атап өтуінше, көлік қызметкерлері арасында қызылшаға шалдыққандар бар. Мәселен, осы жылдың басынан бері Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне қарасты нысандардың қызметкерлері арасында қызылшаның зертхана арқылы дәлелденген 40 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 31 адам темір жол көлігі, ал 9 адам әуе көлігі саласында жұмыс істейді. 


Мұнан бөлек, жолаушылар арасында да қызылшаға шалдыққандар анықталып жатады. Жыл басынан бері темір жол көлігімен сапарлаған 14 және әуе көлігімен сапарланған 3 жолаушыдан қызылша анықталды. 


«Біз көлік саласының барлық қызметкерлері мен азаматтарды денсаулығына жауапкершілікпен қарап, екпе алуға, алдын алу шараларын сақтауға, сонымен қатар қолды үнемі жуып, қоғамдық орындарға бетперде тағуға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға шақырамыз», - деді Жанар Оразалина.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.