Қазақстанға келетін медициналық туристер саны бес есе артты

2 562

Фото: pixabay.com2021 жылдан бері Қазақстанға емделу үшін келетін шетелдік туристер саны бес есеге өсті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл АҚШ пен Батыс Еуропамен салыстырғанда медициналық қызметтердің 5–10 есе арзан болуымен байланысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Медициналық туристер көбіне Қытай, Үндістан, Түркия, Еуропа, АҚШ және Орталық Азия елдерінен келеді. Олар кардиохирургия, онкология, стоматология, нейрохирургия, офтальмология және тексеру (чек-ап) қызметтеріне сұраныс білдіреді.

Маман Гүлнәр Сәрсенбаеваның айтуынша, шетелдіктер көбіне Joint Commission International (JCI) аккредитациясынан өткен жетекші ұлттық және өңірлік клиникаларды таңдайды.

Қазақстан медицинасы соңғы жылдары протондық терапия, гамма-пышақ, робот көмегімен жасалатын операциялар және цифрлық диагностика сияқты заманауи технологияларды енгізіп, Орталық Азияда медициналық инновация бойынша көшбасшы елге айналды.

Бүгінде шетелдік науқастар жиі жүгінетін мекемелердің қатарында:

  • University Medical Center (UMC);
  • Ұлттық нейрохирургия орталығы;
  • Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты;
  • Ұлттық балаларды оңалту орталығы;
  • Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханалары және «Үміт» онкологиялық орталығы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.