НӘРЕСТЕЛЕР ЖАҒДАЙЫ ӘРДАЙЫМ БАҚЫЛАУДА

176
Қызылордалық дәрігерлер нәрестелер жағдайы әрдайым бақылауда екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысындағы іс-сапары барысында медицина ғылымдарының кандидаты, "Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті" АҚ неонатология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты неонатолог, педиатр дәрігер Жұбанышева Қарлығаш Біржанқызы облыстық перинаталдық орталығына келіп, нәрестелер жансақтау бөліміне барып, нәрестелердің жағдайын бағалап, өз кеңесін берді.
Аталмыш бөлімшеде қиын жағдайдағы және аса назар аударуды талап ететін нәрестелер, сондай-ақ салмағы 500 грамм және одан жоғары нәрестелер түседі. Бөлімшеде жаңа туған нәрестелерге заманауи реанимациялық көмек көрсетіледі.


Бөлімшеде нәрестенің қарқынды емі мен жағдайына мониторинг жүргізу үшін барлық мүмкіндіктер бар:
▪️ білікті медициналық персонал; 
▪️ заманауи мониторлар; 
▪️ қарқынды күтім инкубаторлары;  
▪️ өкпені жасанды желдету аппараттары; 
▪️ гипотермиялық аппарат;
▪️ зертханалық жабдықтар;
▪️ жылжымалы рентген;
▪️ ультрадыбыстық қондырғылар;
Сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге арналған инфузиялық ерітінділерді дайындау кезінде шаңсыз бактерияға қарсы ауа ортасын құруға арналған ламинарлық шкаф бар. Ол жұмыс аймағында орналасқан инфузиялық ерітінділерді сыртқы және айқас ластанудан қорғайды. Осылайша жаңа туған нәрестелерге жұқпаларды парентеральды жолмен беруді болдырмайды. Зарарсыздандыру кезінде дозалау аппаратының көмегімен емдік қоспаларды дайындау жүзеге асырылады. Ана мен шала туған нәрестенің дене және психологиялық байланысын қолдау үшін «кенгуру» әдісімен күту сеанстары өткізіледі.