Өте ыстық шай мен кофе өңеш қатерлі ісігіне әкелуі мүмкін

2 505

Фото: Opennews.kz ЖИҰлыбританияда жүргізілген ірі зерттеу өте ыстық шай мен кофе ішу өңештің жалпақ жасушалы обырының қаупін арттыруы мүмкін екенін көрсетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымдар Ұлыбританиядағы 980 мың адамның дерегін талдаған.

Оксфорд университетінің ғалымдары Ұлыбританиядағы 980 мың адамның дерегін талдап, соңғы 14 жылдағы денсаулығын бақылаған.

Нәтижесінде сусынды өте ыстық күйінде ішетін адамдарда өңештің жалпақ жасушалы обырының даму қаупі жылы сусын ішетіндерге қарағанда шамамен үш есе жоғары екені анықталған. Ал күніне алты немесе одан көп ыстық сусын ішетіндерде бұл қауіп 71%-ға жоғарылаған.

Зерттеуді Оксфорд университетінің аға тағамтану эпидемиологы Керен Папье басқарған. Ғалымдар сусынды нақты температурамен өлшемеген. Қатысушылар оның температурасын "өте ыстық", "ыстық" немесе "жылы" деп өздері бағалаған. Бұл зерттеудің негізгі шектеулерінің бірі.

Зерттеушілер ыстық сусынды бірден ішпей, қолайлы температураға дейін суытуды ұсынады. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.